12 ақпан 2021 13:41

Сәтбаевтың екі тұрғынына 5 жасар қызды ұрлау мен зорлауға қатысты деген айып тағылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сәтбаевтағы тәртіпсіздіктер. Видео кадры Сәтбаевтағы тәртіпсіздіктер. Видео кадры

Сәтбаевтың екі тұрғыны өткен жылдың шілде айында 5 жасар қызды ұрлағаны үшін және зорлауға қатысқаны үшін жауапқа тартылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Сәтбаевтың екі тұрғыны өткен жылдың шілде айында 5 жасар қызды ұрлағаны үшін және зорлауға қатысқаны үшін жауапқа тартылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қарағанды облысының прокуратурасы былтыр жазда Сәтбаев қаласында жаппай тәртіпсіздікке себеп болған жас қызды ұрлау және зорлау дерегі бойынша қылмыстық істің мән-жайын айтты.

"4 ақпанда Қарағанды облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының қаулысымен 2020 жылдың 24 шілдесіне қараған түні Сәтбаев қаласында жаппай тәртіпсіздік бойынша қылмыстық іс кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотқа қарау үшін берілді. Іс бойынша 57 адам, оның ішінде 44 адам қамауда, бесеуі үй қамауында, үшеуі ата-анасының қарауында, екеуі ешқайда шықпау туралы қолхатпен ұсталды. Тағы үш адам іздеуде болды. Бүгінде біреуі ұсталды, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, екеуі іздеуде", - деді Қарағанды облысы прокуратурасының баспасөз қызметінің өкілдері. 

Сондай-ақ, ведомство тағы екі адамға қатысты қылмыстық іс жас қызды ұрлау және зорлау дерегі бойынша тергелгенін қосты. Тергеу істі соттың қарауына жіберді.

Еске салайық, өткен жылдың 23 шілдесінде Сәтбаев қаласында 5 жасар қызды ұрланған болатын. Сол түні бала жергілікті тұрғындардың бірінің пәтерінен табылды. Бұл дерек бойынша баланы ұрлау және зорлау туралы қылмыстық іс қозғалған болатын. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети