Сатиралық паблик авторы Темірлан Еңсебекке 5 жылға бас бостандығын шектеу жазасы кесілді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
©️ instagram.com/qaznews24 ©️ instagram.com/qaznews24

2025 жылғы 11 сәуірде Алматының Наурызбай аудандық соты Qaznews24 сатиралық паблигінің 25 жастағы авторы Темірлан Еңсебекке қатысты үкім шығарды. Ол әлеуметтік желілерді пайдалана отырып ұлттық араздықты қоздырды деп айыпталды (Қылмыстық кодекстің 174-бабы, 1-бөлігі), - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

2025 жылғы 11 сәуірде Алматының Наурызбай аудандық соты Qaznews24 сатиралық паблигінің 25 жастағы авторы Темірлан Еңсебекке қатысты үкім шығарды. Ол әлеуметтік желілерді пайдалана отырып ұлттық араздықты қоздырды деп айыпталды (Қылмыстық кодекстің 174-бабы, 1-бөлігі), - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Сотталушы Instagram-паблик әкімшісі бола отырып, 34 мыңнан астам оқырманы бар парақшада, басқа ұлт өкілдерінің ұлттық ар-намысы мен қадір-қасиетін қорлауға бағытталған, мәтіні бейәдеп сөздерден тұратын музыкалық композициямен сүйемелденген жазба жариялаған", – делінген үкім мәтінінде.

Сотта мұндай әрекеттер "Қазақстан Республикасы үшін негізгі қағидаттардың бірі – ұлтаралық келісім мен бірлікті бұзуға бағытталғаны" айтылды.

"Сотталушының кінәсі іс материалдары, оның ішінде сот-психологиялық және филологиялық сараптама қорытындысы, жауап алу хаттамалары және заттай дәлелдемелермен дәлелденді", – деді сот өкілдері.

Алайда, сот барысында Темірлан Еңсебек өз кінәсін мойындамады.

Сот отырысының қорытындысы бойынша, қылмыстық іс материалдары, сондай-ақ сот жарыссөзінде айтылған тараптардың ұстанымдары зерделеніп, сот сотталушыны кінәлі деп таныды.

Сот шешімін шығарған кезде сотталушының бұрын сотты болмағанын, бірақ жасаған заңсыз әрекетіне өкінбейтінін ескерді.

Осылайша, сот сотталушыны белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру түріндегі қосымша жазамен бас бостандығынан айырумен байланысты емес 5 жыл бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда белгілі паблик авторы ұсталғаны, ол 7 жылға дейін сотталуы мүмкін екені хабарланды. Оған қатысты әлеуметтік желідегі жазба арқылы ұлтаралық араздықты қоздырғаны үшін қылмыстық іс тергеліп жатқаны айтылды.

Кейінірек Алматы полициясы QazNews24 атты сатиралық паблик авторы Темірлан Еңсебектің екі ай мерзімге қамауға алынуына қатысты пікір білдірді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 513.39  course up  571.67  course up  6.32  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer