11 ақпан 2024 17:19

Сатушы QR-кодпен төлем алғаны үшін пайызын талап етсе не істеу керек?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті сатушы QR-код арқылы төлем жасағандардан пайызын талап еткен жағдайда не істеу керек екенін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті сатушы QR-код арқылы төлем жасағандардан пайызын талап еткен жағдайда не істеу керек екенін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ақмола облысы бойынша МКД өкілі Нұрлан Ысқақовтың айтуынша, бұл жағдайда тұтынушылардың құқығын қорғау департаментінің уәкілетті органына хабарласуы қажет.

"Жеке кәсiпкерлер және заңды тұлғалар төлем карточкаларын пайдалана отырып төлемдердi қабылдау кезiнде тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) қолма-қол төлеу кезiнде оларды сату бағасынан аспайтын баға бойынша сатуға мiндеттi ("Төлемдер және төлем жүйелері туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 40-бабы"), - деді Ысқақов.

Оның айтуынша, тұтынушылардың құқығын қорғау департаменті әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарап, тұтынушылардың құқығын қорғау саласында әкімшілік жазалар қолданады.

Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – алты, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – он, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады.

Бұған дейін Көкшетауда сатушы клиенттен QR-кодпен төлегендіктен пайызын төлеуді талап еткені белгілі болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.37   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети