06 наурыз 2017 | 17:00

Сауат ашу пәнiнiң атауы "Ана тiлi" деп өзгертіледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Anatili.kz © Anatili.kz

Бiрiншi сыныпта оқытылатын Сауат ашу пәнiнiң атауы "Ана тiлi" деп өзгертіледі. Бұл туралы ҚР БҒМ Мектепке дейiнгi және орта бiлiм департаментiнiң директоры Жаңыл Жонтаева ОКҚ брифинг барысында айтты, - деп хабарлайды Baq.kz.


Иконка комментария блок соц сети

Бiрiншi сыныпта оқытылатын Сауат ашу пәнiнiң атауы "Ана тiлi" деп өзгертіледі. Бұл туралы ҚР БҒМ Мектепке дейiнгi және орта бiлiм департаментiнiң директоры Жаңыл Жонтаева ОКҚ брифинг барысында айтты, - деп хабарлайды Baq.kz.

"Әлiппеге келетін болсақ, педагогтар қауымымен келiсе отырып, оны "нөлiншi" сыныпта оқыту туралы 2016 жылы шешiм қабылдадық. Қазiргi уақытта мектепке баратын балалар әрiп танып, оқи алады. Сондықтан, осындай шешiмге келдiк. Бiрiншi сыныптарда Сауат ашу пәнiнiң орнына "Ана тiлi" пәнi оқытылады", - дедi ҚР БҒМ вице-министрi Эльмира Суханбердиева. 

Ал ҚР БҒМ Мектепке дейiнгi және орта бiлiм департаментiнiң директоры Жаңыл Жонтаева Сауат ашу пәнi атауының "Ана тiлi" деп өзгеретiнiн жеткiздi.

"Сауат ашу пәнiн "Ана тiлi" деп атау туралы көптеген ұсыныс келiп түстi. Бiз оны қабылдадық. Ендi Сауат ашу атауы "Ана тiлi" болып өзгертiледi", - деп түсіндірдi Жонтаева.

Сонымен қатар, бүгін әлеуметтік желіде 8 Наурызға гүл мен сыйлық беруге тыйым салынған деген тақырыптың аясында белсенді түрде пікірлер жазылып жатқаны хабарланған. Мектептерде мұғалімдерге оқушылардың гүл мен сыйлық сыйлауына тыйым салынды деген хабарлама тарап жатыр. 

ҚР Білім және Ғылым министрлігі осы мәселе бойынша пікір білдірді. Білім және ғылым министрлігінің вице-министрі Эльмира Суханбердиева бұл хабарламаны жоққа шығарды

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети