Сәуір айының басында суық ауа райы сақталады - синоптиктер

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сәуір айының басында суық ауа райы сақталады - синоптиктер © Тұрар Қазанғапов

Сәуір айының басында суық ауа райы сақталып, еліміздің басым бөлігінде ауа температурасы климаттық нормадан төмен болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" кәсіпорнына сілтеме жасап

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сәуір айының басында суық ауа райы сақталып, еліміздің басым бөлігінде ауа температурасы климаттық нормадан төмен болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" кәсіпорнына сілтеме жасап

Синоптиктердің мәліметінще, елімізге арктикалық аумақтардан салқын әрі дымқыл ауа келіп жатыр. Осыған байланысты сәуір айының басында суық ауа райы сақталады.

"4-6 сәуір аралығында еліміздің басым бөлігінде ауа температурасы климаттық нормадан 2-6 градусқа төмен болады. Жауын-шашын мен қар аралас жаңбыр, тұман және көктайғақ болады. Тек батыс облыстарда 5-6 сәуір аралығында жауын-шашын тоқтап, ауа температурасы көтеріледі", - делінген хабарламада.

Астанада 4 сәуірде көшпелі бұлт, жауын-шашын мен көктайғақ болады. Түнгі уақытта ауа температурасы -4-6 градус болса, күндіз шамамен 0 градус болады.

Ал 5 сәуірде көшпелі бұлт сақталып, түнде және күндіз қар жауады. Солтүстік-батыс және батыс желі секундына 9-14 метрге дейін жетеді. Ал түнде ауа температурасы -8-10 градус болса, күндіз 0-2 градус суық болады.

6 сәуірде елордада жауын-шашынсыз ауа райы сақталып, батыс және оңтүстік батыс желі секундына 9-14 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы -6-8 градус, ал күндіз 1-3 градус жылы болады.

Алматыда 4 сәуірде көшпелі бұлт күтіледі. Түнде және күннің бірінші жартысында жауын-шашын мен тұман болады. Желдің күші секундына 0-5 метрге жетеді. Түнде ауа температурасы 0-2 градус, ал түнде 6-8 градус жылы болады.

5 сәуірде Алматыда бұллты ауа райы болып, жауын-шашын мен тұман күтіледі. Ал 6 сәуірде жауын-шашынсыз ауа райы сақталып, ауа температурасы әдеттегідей деңгейде болады.

Сәуірде ауа райы қандай болады?

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети