17 шілде 2023 17:58

Саунадағы балалар лагері: прокурорлар қылмыстық іс қозғады

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: facebook.com/Инка Рокеровна Фото: facebook.com/Инка Рокеровна

Алматы прокуратурасы саунадағы балалар лагері бойынша іс қозғалғанын хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы прокуратурасы саунадағы балалар лагері бойынша іс қозғалғанын хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 361-бабы "Лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдалану" және Қылмыстық кодекстің 140-бабы "Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi орындамау" деген екі бап бойынша соталды тергеу басталған.

"Лагерьді қаржыландыру Алматы Білім басқармасының жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған бюджетінен жүзеге асырылғаны анықталды. Бұл ретте ұсынылған конкурстық құжаттама қойылатын талаптарға толық сәйкес келмеген. Қылмыстық істерді тергеу Алматы қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіне тапсырылды", - деп хабарлады прокуратура.

Тергеу аясында әкімдік қызметкерлері мен лагерьді ұйымдастырушылар әрекетіне баға берілетіні айтылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети