03 шілде 2021 | 14:23

Саясаттанушы АҚШ-тың ауғандарды Қазақстанда паналату туралы өтінішіне ойын айтты

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: ©REUTERS Фото: ©REUTERS

Қазақстандық саясаттанушы АҚШ-тың Қазақстан, Өзбекстан және Тәжікстан басшылығына "Талибанға" қарсы күресте Америка армиясына көмектескен тоғыз мыңға жуық Ауғанстан азаматын орналастыру туралы өтінішіне ойын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандық саясаттанушы АҚШ-тың Қазақстан, Өзбекстан және Тәжікстан басшылығына "Талибанға" қарсы күресте Америка армиясына көмектескен тоғыз мыңға жуық Ауғанстан азаматын орналастыру туралы өтінішіне ойын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстандықтар бұл жаңалықты қызу талқылап жатыр. Алайда саясаттанушы Сұлтан Әкімбековтың айтуынша, АҚШ-тың мәлімдемесіне тым эмоционалды түрде қараудың қажеті жоқ. Өйткені бұл туралы әлі ресми мәлімдеме болған жоқ.

"Әзірге бұл тек Bloomberg ақпарат көздерінен алынған мәлімет. Агенттік бұл мәселе АҚШ-тағы Өзбекстан мен Тәжікстанның сыртқы істер министрлерімен талқыланады деді. Сондықтан бірнеше күн күтіп, кейін бұл ақпараттың қаншалықты дұрыс екенін түсіну керек. Қандай жағдай болсын, бұл ең алдымен Ауғанстанмен шекаралас елдер - Тәжікстан мен Өзбекстанға байланысты.

Сонымен қатар, Bloomberg хабарламасында америкалықтар тоғыз мың ауғандықты, оның ішінде олардың отбасы мүшелерін уақытша орналастыруды сұрауы мүмкін екені айтылған. Себебі, АҚШ Конгресі мигранттардың осы санатын қабылдауға иммиграциялық квотаны әлі кеңейткен жоқ. АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Конгресстен квотаны кеңейтуді сұрады және олар келісуі мүмкін. Егер АҚШ-қа шығу мүмкіндігіне ие болса, тоғыз мың ауғандықтың Орталық Азияда қалмайтыны түсінікті", - деді Әкімбеков.

Сондай-ақ, саясаттанушы қоғамның алаңдаушылығы Ауғанстанға қатысты фобиямен байланысты деп санайды.

"Кенеттен тағы соғыс басталса? Босқындар ағыны пайда болады және т.б. Егер біз америкалықтардың өтініші туралы айтатын болсақ, онда көпвекторлы саясатымызға бұл қаншалықты сәйкес келеді деген сұрақ алаңдатады. Ел айналасында ауғандардың өздері мен мүдделі шет мемлекеттер арасында жағдай шиеленісіп тұр.

АҚШ-та олардың қатарында. Егер олар бірнеше мың адамды эвакуациялағысы келсе, онда бұл олардың ең жақын көмекшілері - аудармашылар, ең сенімді адамдар. Ауған армиясы мен Үкіметінің құрамына кіргендердің көпшілігі жергілікті саясатқа белсенді қатысады және бұл жерде жағдай ушығып тұр деуге келмейді", - дейді сарапшы.

Сұлтан Әкімбеков Қазақстан да Ауғанстандағы қақтығысты реттеуге мүдделі екенін айтты.

"Біз үшін Ауғанстанда жергілікті саясаттың барлық қатысушылары, соның ішінде "Талибан" арасында саяси ымыраға келу формуласының табылуы маңызды. Босқындар мәселесі өзекті болып қала береді. Өткен соғыстан кейін Қазақстанда Кабулдағы кеңес үкіметінің жақтастары қатарынан көп адам қалды. Олар біздің қоғамға толықтай интеграцияланған.

Тағы бір нәрсе, егер Ауғанстанда үлкен соғыс басталған жағдайда босқындар ағымы пайда болса. Өзбекстан да, Тәжікстан да бұл ықтимал адамдар ағынын тоқтата алмайды. Бірақ экономика тұрғысынан алғанда, Қазақстан әлеуетті мигранттар үшін тартымды көрінеді. Бұл сұрақ тудыруы мүмкін", - деп қорытындылады саясаттанушы.

Айта кетейік, Қазақстан СІМ-і АҚШ-тың өтініші бойынша түсінік беруден бас тартты.

Бұған дейін, АҚШ Орталық Азияның үш еліне - Қазақстан, Өзбекстан және Тәжікстан басшылығына "Талибанға" қарсы күресте Америка әскеріне көмектескен 9 мыңға жуық Ауғанстан азаматын өз жеріне уақытша орналастыру туралы келісімге қол қоюға өтініш айтқаны туралы хабарлаған болатынбыз.

Вloomberg басылымының деректері бойынша, келісім Америка мен Орталық Азия елдері арасындағы ынтымақтастықты орнату жөніндегі ірі мәміленің бір бөлігі болуы тиіс. Ол ауған мәселелерін реттеу төңірегінде болады. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети