18 ақпан 2023 16:51

Сайлауда үгіт жүргізуге салынған тыйымды бұзудың 5 дерегі анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Кандидаттарды және партиялық тізімдерді тіркеу аяқталғанға дейін үгіт жүргізуге салынған тыйымды бұзудың 5 дерегі анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.


Кандидаттарды және партиялық тізімдерді тіркеу аяқталғанға дейін үгіт жүргізуге салынған тыйымды бұзудың 5 дерегі анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.

Бұл туралы Бас прокурордың орынбасары Жандос Өмірәлиев айтты. Сайлау кезінде құқық бұзушылықтар жасаған үшін Әкімшілік кодексте 26 бап көзделген.

Мысалы ақпарат құралының сайлау науқанын объективті көрсетпей, олармен байланысты оқиғалар мен деректерді бұрмалауы, бір кандидатқа келісім бере отырып, басқа үміткерге эфир уақытын, баспа алаңын бөлуден бас тартуы сынды мәселелер құқық бұзушылыққа жатады.

Бұдан бөлек былтыр қарашада енгізілген түзетулерге сәйкес үміткердің немесе саяси партияның ар-намысына, қадір-қасиетіне және іскерлік беделіне қасақана нұқсан келтіретін үгіт материалдарын жариялаған үшін БАҚ-пен бірге онлайн-платформаларды пайдаланушылар да жауапқа тартылады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.1   490.7   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети