28 қаңтар 2023 09:14

"Сайрам-Өгем" ұлттық паркінің директоры мен бірнеше қызметкері пара алды деген күдікпен ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің бірқатар лауазымды қызметкері жемқорлық әрекеті үшін күдікті ретінде ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің бірқатар лауазымды қызметкері жемқорлық әрекеті үшін күдікті ретінде ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Шымкенттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің "Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі" РМК бас директорына, оның бірқатар бағыныстыларына, сонымен бірге комитеттің бухгалтерлік есеп және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысына қатысты алдау және сенімге қиянат жасау, пара беру және алу арқылы өзге мүлікті ұрлады деген күдік бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізеді", - делінген Антикор таратқан хабарламада.

Қазіргі уақытта лауазымды тұлғалар ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Тергеу жүріп жатыр. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети