Щучинскідегі қайғылы оқиға: дәмхана иесі ұсталды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Щучинскідегі қайғылы оқиға: дәмхана иесі ұсталды

Ақмола облысының прокуратурасы Щучинскіде жарылыс болған дәмхананың иесі ұсталғанын хабарлады. Жарылыс пен өрт салдарынын бірнеше адам қаза тапқан болатын, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ақмола облысының прокуратурасы Щучинскіде жарылыс болған дәмхананың иесі ұсталғанын хабарлады. Жарылыс пен өрт салдарынын бірнеше адам қаза тапқан болатын, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Прокуратура мәліметінше, Щучинскідегі "Центр плова" дәмханасында болған өрт дерегі бойынша Қылмыстық кодекстің 292-бабы 3-бөлігі "Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан, өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу" бойынша қылмыстық іс қозғалған.

"Қылмыстық істі арнайы прокурорлар тергеп жатыр. 2 наурызда дәмхана иесі ұсталды. Қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр", – деп хабарлады ведомство.

Айта кетейік, Ақмола облыстық Денсаулық сақтау департаменті жансақтау бөлімінде жатқан тағы екі адамның қайтыс болғанын хабарлаған болатын, осылайша қаза тапқандар саны тоғызға жетті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 469.35   553.13   6.15 

 

Ауа райы

Алматы

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер