Семей әкімі коронавирустан айықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Семей әкімі коронавирустан айықты Ермак Сәлімов. Фото yk-news.kz сайтынан

Семей әкімі Ермак Сәлімов коронавирустан айығып, қолдау көрсеткендердің барлығына алғыс айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Семей әкімі Ермак Сәлімов коронавирустан айығып, қолдау көрсеткендердің барлығына алғыс айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы шенеунік Instagram желісіндегі парақшасында жазды. 

"COVID-19 анықтау үшін соңғы тапсырған тесттен кейін мен қатаң түрдегі оқшаулау режимінде болып, дәрігерлердің барлық талаптарын орындадым. Аталған шаралар менің денсаулығыма оң әсерін тигізді, оны коронавирусқа арналған екінші тест көрсетіп теріс нәтиже берді.

Бүгіннен бастап мен әдеттегідей жұмысымды жалғастырамын. Барлық жерлесіме қолдау көрсеткендері үшін алғыс айтамын", - деп жазды әкім.

Сондай-ақ, әкім тұрғындарды сақтық шараларын қатаң сақтауға шақырды.

Еске салайық, әкімнің коронавирус жұқтырғаны туралы 1 шілдеде хабарланған болатын.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Түрікменстанға барады
Алматыда қалың қар жауды
Тоқаев Сағынтаевты қабылдады
Алматыда ірі жол апаты болды
Алматыда қоймадан өрт шықты

Валюта бағамы

 520.22  course up  609.26  course up  6.58  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети