Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.32
EUR / KZT - 392.58
CNY / KZT - 50.02
RUB / KZT - 5.64

Семей мен Ресей шекарасы аралығындағы жол жабылды

08 Қаңтар 2015, 15:27
0
©РИА Новости
©РИА Новости

Шығыс Қазақстан облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты Семейден Ресей шекарасына дейінгі жол жабылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетіне сілтеме жасап. 

"8 қаңтар күні ауа райы жағдайларының нашарлауына байланысты (боран, көріну мүмкіндігінің нашарлауы) Семей - Ресей Федерациясының шекарасы автожолының 7 - 41-шақырымдары автокөліктің барлық түрі үшін жабылды", - делінген хабарламада. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Шығыс Қазақстанда бір күнде 143 адам қар құрсауынан құтқарылғаны хабарланған болатын. Шемонаиха - Оба шекара өткелі (Ресей аумағына кіретін жер) автожолының 18-шақырымында Шығыс Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаменті мен "Қазақавтожол" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының күшімен қар құрсауынан 117 адам құтқарылды, олардың арасында бес бала бар. 19 автокөлік пен үш автобус қар астында қалған

Синоптиктер бұл облыста алдағы күндері жел күшейіп, қар жауады, боран соғып, аяз болады деген болжам жасап отыр. Сондықтан ШҚО ішкі істер департаменті азаматтардан ауа райы болжамдарын тыңдап, қар құрсауында қалып қалмау үшін алыс жолдарға шықпауды ескертіп отыр. 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай