10 маусым 2021 13:25

Семей полигонында ядролық қауіпсіздік аймағы құрылуы мүмкін

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Мәжілісте Семей ядролық қауіпсіздік аймағын құруды қарастыратын заң жобалары таныстырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Мәжілісте Семей ядролық қауіпсіздік аймағын құруды қарастыратын заң жобалары таныстырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Энергетика вице-министрі Қайрат Рахымов өз баяндамасында заң жобаның негізгі мақсаты ластанған жерлерде Семей ядролық қауіпсіздік аймағын (СЯҚА) құру, Семей сынақ полигонындағы жұмыстарды орындауға жауапты операторды айқындау, ластанған учаскелерді оңалту және тарихи қалыптасқан радиоактивті қалдықтарды сақтау пунктін салу екенін айтты.

Вице-министр бірқатар мәселелерді атап өтті:

"Бірінші, Семей полигонының жерлері жергілікті атқарушы органдардың қарамағындағы бос жерлерге жатады, бұл бөгде адамдардың іс-әрекеттерін және осы аумақтарда болып жатқан оқиғаларды бақылауды қиындатады. Бұдан басқа, полигон жерлері үш облыстың әкімшілік шекарасында орналасқан, бұл оның аумағының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі мәселелерді шешуді қиындатады. Радиоактивті ластану деңгейіне үздіксіз мониторингтің болмауы, радиоактивті ластанудың елді мекендерге көшуі бойынша өзекті деректердің жоқтығына әкеледі. 

Екіншіден, халық полигонның ластанған алаңдарына кедергісіз қол жеткізе алады, бұл денсаулыққа зиян келдірудің алғышарттары. Полигонның ашық болуы қаскүнемдік мақсаттарда радиоактивті қалдықтардың таралу ықтималдығын тудырады. Полигонның нормативтен тыс ластанған жерлері қалпына келтірілмейді.

Үшіншіден, полигонның радиоэкологиялық жай-күйі айқын көрсетілмеген, бұл залалданған және таза жерлердің бөлінбеуінен полигон жерлерінің шаруашылық айналымға берілуін қиындатады. Салдарынан полигонның жарамды болуы мүмкін жерлерінің едәуір бөлігі жай тұр", - деді Рахымов.

Қойылған міндеттерді шешу үшін екі заң жобасы - "Семей ядролық қауіпсіздік аймағы туралы" және ілеспе "Кейбір заңнамалық актілерге СЯҚА мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы әзірленді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети