1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Семей тұрғындары Даниал Ахметовтен Instagram-да көмек сұрады23 қыркүйек 2020, 14:23

Фото: instagram.com/danial.akhmetov.official Фото: instagram.com/danial.akhmetov.official

Желі қолданушылары Шығыс Қазақстан облысы әкімі Даниал Ахметовтің Instagram-дағы жазбасына жаппай пікір жазып, көмек сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Семей тұрғындары өңір басшысынан қаладағы қоғамдық көлік мәселесін шешіп беруді сұраған.

Желідегі алғашқы пікірлер облыс әкімінің ішкі партиялық сайлауда дауыс беру қосымшасында тіркелуі туралы жазбасында қалдырылған.

Желі қолданушылары "Семей қаласындағы қоғамдық көлік мәселесін шешіп беріңіз" деп пікір қалдырған.

Даниал Ахметовтің желідегі келесі жазбасында да тұрғындар қаладағы қоғамдық көлік мәселесін шешіп беруді талап еткен.

Әкімнің аккаунты бұл пікірлерге жауап берген жоқ.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!