26 желтоқсан 2021 17:09

Семейде 23 миллион теңгеге екі шырша сатып алынды: әкімдік сынға жауап берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Семей әкімдігі қала алаңдарына орнату үшін сатып алған екі жаңа шыршаның құны жергілікті тұрғындарды таңғалдырды. Әлеуметтік желілерде тараған ақпарат бойынша, екі жаңажылдық ағашқа бюджеттен 23 миллион теңге жұмсалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Arnapress.kz сайтына сілтеме жасап. 

Семейліктер шыршалар мен оның бағасы сәйкес келмейтінін айтып жатыр. 

Бұл сынға қалалық ТКШ өкілдері жауап берді. Олар "Орал шыршасы" деп аталатын жасанды ағаштар Мәскеуден сатып алынғанын, бірінің биіктігі 19 метр, екіншісі 18 метр екенін хабарлады. 

Сондай-ақ, сатып алу құнына шыршалар ғана емес, бірқатар қосалқы шығын, соның ішінде безендіргіштер кіретіні айтылды.

"Шыршалар мынадай бөліктерден тұрады: орталық алаңдағы ұзындығы 200 сантиметр "Жұлдыз"; 10 метрден 200 дана жарықдиодты гирляндалар; "Жұлдыз" ойыншығы - 47 сантиметр, 25 дана; "Жұлдыз" ойыншығы - 36 сантиметр, 220 дана; 245 жұлдыз тәрізді қоректендіру адаптері.

Сонымен қатар, бағаға Мәскеуден тасымалдау шығындары, құрастыру және салықтар кіреді", - делінген ТКШ бөлімінің хабарламасында.

Еске салайық, бірнеше күн бұрын Семейде 10,5 миллион теңгелік "Жұлдызды аспан" инсталляциясы орнатылды. Сондай-ақ, қала бойынша жалпы құны 20 миллион бюджеттік теңге тұратын бес жаңажылдық шағын сәулет нысаны орнатылмақ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети