19 желтоқсан 2022 17:17

Семейде ерекше шағын сәулет нысандары қойылды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Семей әкімдігі Фото: Семей әкімдігі

Семей жағалауы мультфильм кейіпкерлері түріндегі шағын архитектуралық пішіндермен безендірілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Семей жағалауы мультфильм кейіпкерлері түріндегі шағын архитектуралық пішіндермен безендірілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Семей қаласы әкімдігінің өтініші бойынша мультфильм кейіпкерлері түріндегі шағын сәулет нысандарын Астана қаласының әкімдігі қаламыздың балансына ұсынды. Мүсіндерді сатып алуға бюджеттен ақша бөлінбеді", - делінген Семей әкімдігі хбараламасында.

"2022 жылы "Балалар жылы" екендігі белгілі. Санаулы күндерден кейін балалар жылын қортындылаймыз, осыған байланысты Семей қаласының әкімдігі қаланың екі жағалауына балалардың сүйікті мультфильмдерінің мүсінін орналастырып жатыр.

Әлі бірнеше қазақ ертегілерінің кейіпкерлерінің де мүсінін орнату жоспарланған", - делінген хабарлмада.

Сонымен қатар, қаланың екі жағалауына жаңа жылдық безендірулер орналастырылады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Семей қаласының әкімдігі• (@semey_akimdigi)

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети