Семейде жеңгетай-апа сотталды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото:depositphotos.com Фото:depositphotos.com

Семейде 62 жастағы әйелге қаладағы сауналардың бірінде секс-притон ұйымдастырғаны үшін сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Семейде 62 жастағы әйелге қаладағы сауналардың бірінде секс-притон ұйымдастырғаны үшін сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Полиция мәліметінше, қабылдау орнында сутенер-апа жезөкшелікті басқарған. Ол алдын ала жазылу бойынша келген клиенттерге "түнгі көбелек" қызметін ұсынған. Әрбір тапсырыстан зейнеткер орта есеппен 15 мың теңгеден 25 мың теңгеге дейін алған.

"Алайда бизнес ұзаққа созылмады. Жақын арада "Stop трафик" жедел-алдын алу іс-шарасы барысында ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері орынды әшкереледі. Тінту кезінде құқық қорғау органдары қолма-қол ақша мен басқа да заттай дәлелдемелерді тәркіледі. Жеңгетай мен 9 қызметкері жақын маңдағы полиция бөліміне жеткізілді", - делінген хабарламада.

Ресми мәлімет бойынша, жеңілтек қыздардың үшеуі Қазақстан азаматы болса, алтауы Өзбекстан азаматы. Барлығы операциялық есепке алынатыны айтылды.

Сутенер-апаға қатысты ҚР ҚК-нің 309-бабы 1-бөлігі бойынша бойынша соталды тергеу жүргізілген. Зейнеткер 2 жыл 6 айға бас бостандығын шектеуге сотталды. Қазір ол Абай облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің пробациялық есебінде тұр. Пробация шарттары бұзылған жағдайда сот шартты айыптауды алып тастап, оны нақты мерзімге алмастыра алады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 504.72  course up  546.79  course up  5.9  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer