13 маусым 2020 16:04

Семейде карантин шектеулері күшейтілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©Тұрар Қазанғапов Фото ©Тұрар Қазанғапов

Семейде коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың көбеюі салдарынан 13 маусымнан бастап шектеу шаралары күшейтілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Семейде коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың көбеюі салдарынан 13 маусымнан бастап шектеу шаралары күшейтілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

13 маусымнан бастап ШҚО мемлекеттік бас санитар дәрігері Марат Исмайыловтың коронавирус инфекциясының алдын алу шаралары туралы қаулысы күшіне енеді. 

"Коронавирус инфекциясы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық жағдай туралы штабтың мәліметтеріне сәйкес, облыста соңғы жеті күнде аурудың таралу деңгейі 4,1 пайызға, Семей қаласында 4,7 пайызға өсті. Осының негізінде Шығыс Қазақстан облысының территориясында 2020 жылғы 1 шілде сағат 00.00-ге дейін шектеу, оның ішінде карантин шараларын қатаң сақтауды қаулы етемін", - деп жазылған қаулыда.

Сонымен қатар, Семей қаласында шектеу шаралары енгізіледі. Азық-түлікке жатпайтын тауарларды сататын нысандардың жұмысы сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін және азық-түлік, әмбебап және азық-түлікке жатпайтын тауарларды сататын нысандардың жұмысы сағат 08.00-ден 20.00-ге дейін, қоғамдық моншалар мен сауналардың жұмысы сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін қысқарады. 

Спорт нысандарының (фитнес-клубтар, жаттығу залдары, спорт кешендері) сағат 10.00-ден 20.00-ге дейін, ХҚКО-ның жұмыс кестесі сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін болады. Қатаң санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтау керек.

Еске салайық, бүгін Солтүстік Қазақстан облысында карантин шаралары күшейтілген болатын. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети