15 қаңтар 2024 11:10

Семейде монша, сауна және кафе маңында тұрған қызметтік көліктер назарға ілікті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:depositphotos.com Фото:depositphotos.com

Семейде мемлекеттік қызметкерлер қызметтік көлікті жеке мақсатта пайдаланды деген күдікке ілінді. Куәгерлер көліктер монша, сауна, кафе, мейрамхана маңында тұрғанын көрген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі abainewskz порталына сілтеме жасап.


Семейде мемлекеттік қызметкерлер қызметтік көлікті жеке мақсатта пайдаланды деген күдікке ілінді. Куәгерлер көліктер монша, сауна, кафе, мейрамхана маңында тұрғанын көрген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі abainewskz порталына сілтеме жасап.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Абай облысы бойынша департаменті соңғы екі айда мемлекеттік органдарға тиесілі қызметтік көліктерді мемлекеттік қызметшілердің жұмыс уақытынан тыс жеке мақсатта пайдалануына қатысты жеке және заңды тұлғалардан 10-нан аса өтініш түскені туралы ақпаратты бөлісті.

"Алынған арыздарда Семей мен облыс аудандарында демалыс және мереке күндері қызметтік көліктерді пайдалану деректері көрсетілген. Куәгерлер бұл жағдайларды видеоға түсіріп, көліктердің монша, сауна, кафе, мейрамхана және т.б. маңына қойылғанын көрсетті", - деп хабарлады ведомство.

Қандай мемлекеттік органдар жұмыс уақытынан тыс уақытта қызметтік автокөліктерді пайдаланатыны туралы ақпаратты анықтау үшін ведомство Абай облыстық ПД және басқа да құзырлы мемлекеттік органдарға жазбаша сауал жолдады.

"Шағымдарды қарау қорытындысы бойынша, департамент заңнамаға сәйкес шаралар қабылдап, кінәлі лауазымды тұлғаларды тәртіптік жауапкершілікке тарту мәселесі қаралады. Мемлекеттік мүлік тек мақсаты бойынша пайдаланылуы тиіс. Мемлекеттік қызметшілер тарапынан заңсыз әрекеттер жасау қоғамда теріс көзқарас туғызып, халықтың мемлекеттік органдарға деген сенімін жоғалтуға алып келеді", - деп толықтырды Абай облысы бойынша МІАД.

Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік қажеттілікке байланысты жұмыс уақытынан тыс және мереке күндері жұмысқа кіруі олардың келісімі негізінде жұмыс берушінің тиісті актісімен рәсімделетіні атап өтілген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети