09 ақпан 2024 16:31

Семейде полицей азаптау дерегі бойынша күдікке ілінді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Семейде полиция қызметкері азаптау дерегі бойынша күдікті ретінде қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Абай облысының прокуратурасына сілтеме жасап.


Семейде полиция қызметкері азаптау дерегі бойынша күдікті ретінде қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Абай облысының прокуратурасына сілтеме жасап.

"ҚК-тің 146-бабының 3-бөлігі 1-тармағында ("Азаптаулар, яғни лауазымды адамның тән зардабын және (немесе) психикалық зардапты қасақана келтіруі") көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдікпен Семей Орталық полиция бөлім қызметкерінің ұсталуы оның жарқын мысалы болып табылады", - делінген хабарламада.

26 қаңтарда Абай облысының прокуратурасы ҚПК-тің 128-бабына сәйкес күдіктіні Семей ПБ уақытша ұстау изоляторына қамаған.

"Облыстың мамандандырылған тергеу соты күдіктіге қатысты 2 ай мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады. Қазіргі уақытта соталды тергеу амалдары жалғасцып жатыр", - делінген хабарламада.

ҚПК-тің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес басқа ақпарат жарияланбайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети