23 қаңтар 2018 09:40

Семейде тегін Wi-Fi бар жаңа автобустар жүреді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© ШҚО әкімінің баспасөз қызметі © ШҚО әкімінің баспасөз қызметі

Семейде тегін Wi-Fi бар жаңа автобустар жүретін болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 
ШҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Семейде тегін Wi-Fi бар жаңа автобустар жүретін болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 
ШҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, өткен жылдың желтоқсанында семейліктер жалпықалалық бағдарға жіберілген 20 жаңа автобусты ерекше қошеметпен қарсы алды.

Естеріңізге сала кетсек, облыс әкімі Даниал Ахметов Шығыс Қазақстанның ірі екі қаласындағы қоғамдық көліктің сапасының бірнеше рет қатаң сынға алған болатын. Әкімдіктегілердің айтуынша, оған себеп, жолақысын көтеруді талап етуден жалықпайтын тасымалдаушылардың ондаған жылдар бойы автобустарды жаңартуға деген құлықсыздығы.

"Семейге қоғамдық көлік қызметінің сапасын жақсартуға BusReport бағдарламасының көмегі зор болды. Енді қалалықтар барлық бағыттағы қоғамдық көліктердің қозғалысын InfoBus мобильді қосымша арқылы бақылай алады. Бүгінде GPS-мониторингі бар интерактивті картаны 43 мыңнан аса семейлік қолдануда.

"BusReport" бағдарламасы тасымалдаушылар тарапынан бірқатар олқылықтарды анықтағанын да айта өткен жөн. Мәселен, былтыр №5, 8, 10, 22, 24, 37, 43 және 45 бойынша 8 бағытта қызмет көрсеткен "Семавтопарк" ЖШС-мен сот арқылы келісімшарт бұзылды. Қазір бұл бағдарлар байқау өткенге дейін "Мусапиров" ЖК және "Таксомоторный парк" ЖШС еншісіне өтті", - дейді әкімдіктегілер.

Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімов аймақ басшысы Даниал Ахметов айтқан сынның орынды екенін атап өтті. 2015 жылы көлiк министрлiгi "тасымалдаушылардың әрбір 2 жыл сайын автобустарды жаңартып тұруы қажеттігі" туралы бұйрығы шыққан. Бұл талап тасымалдаушылармен 5 жыл бұрын жасалған келісімде болған жоқ.

"Биылдан бастап облыс әкімінің тапсырмасымен автобус парктерін жаңарту мақсатында байқаулардың талаптары түбегейлі өзгертілді. Сең сөгілгенін айта өтейік. Алдағы өтетін байқау қарсаңында тасымалдаушы кәсіпорындар жылжымалы құрамдарын жаңарта бастады. Мысалы, "Мусапиров" ЖК қала бойынша № 5,8,22 бағытында қызмет көрсететін орта санаттағы 20 жайлы автобусы бар паркті жаңалады. Оның үстіне орта санаттағы тағы 50 автобус алуды жоспарлап отыр", - деді сұхбат барысында қала басшысы Ермак Сәлімов.

Cондай-ақ, жақында Семейде электронды билет мәселесі шешілетіні айтылады. 

"Ал Өскеменде жолаушы тасымалдаушыларының мәселесі ушығып тұр. Облыс басшысы Даниал Ахметов кәсіпкерлермен кездесіп, олқылықтарды заң шеңберінде шешуге көмектесетінін жеткізді. Десе де, автобус паркін жаңарту талабы күн тәртібінен түспек емес", - дейді ШҚО әкімдігіндегілер.

"Автобустарды жаңарту ісіне ұқыптылықпен қарап, мықтап қолға алуды тапсырамын. Семейде жаңа қоғамдық көліктер сатып алынып жатыр. Өскемен қаласының әкімі Қуат Тұмабаев пен тасымалдаушыларға жол картасын әзірлеуге 10 күн уақыт беремін", - деді тасымалдаушылармен кездескен Даниал Ахметов.

Еске сала кетейік, 2017 жылдың қысында қалалық қоғамдық көлік жолақысы 90 теңгеге көтерілген болатын. Ол кездегі кәсіпкерлер уәжі мен уәдесі тасымалдау жағдайын жақсарту еді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети