Семейде үш баладан менингит анықталды. Олардың екеуі бір балабақшаға барған, ал үшінші бала - орта мектептің 2-сынып оқушысы. Аурған балалардың жағдайы бірқалыпты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Семейде үш баладан менингит анықталды. Олардың екеуі бір балабақшаға барған, ал үшінші бала - орта мектептің 2-сынып оқушысы. Аурған балалардың жағдайы бірқалыпты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Екі жағдай да "Жұлдыз Ардақ" балабақшасында тіркелген. Екеуі екі бөлек топта. Бірінші бала ауырғаннан кейін екі күннен соң қыз бала ауру жұқтырған. Екеуінің де жасы 4-те. Екеуі де ауруханаға бір диагнозбен түскен.
"Бірінші бала 24 қазанда клиникаға мынадай диагнозбен түсті: құсу, дене қызуы көтерілген, басы ауырған. Қыз бала да сондай диагноз тіркелген. Олардың негізгі диагнозы - ұйыма менингит. Болжаммен энтеровирус тобына жатады. Тағы бір бала сол балабақшадан келіп түсті, алайда одан мұндай диагноз шықпады. Зерттеулер жүргізілді. Бүгінде оның диагнозы: ЖРВИ", - деп хабарлады балаларға арналған жұқпалы аурулар ауруханасының директор қызметін атқарушы Сәуле Қаржаубаева.
Олардың жағдайы тұрақты. Бала үйіне жіберілді, ал қыз бала тағы бірнеше күн ауруханада болады. Сонымен қатар, менингит вирусы табылғанына қарамастан, балабақша бұрынғы қалыпта жұмыс істеп жатыр. "Балабақша жабылмайды. Мұның қажеті жоқ. Себебі екі жағдай ғана тіркелді. Балалар әр түрлі топтан болған және қарым-қатынаста болмаған. Барлық профилактикалық шаралар жасалу үстінде. Қазіргі уақытта балабақша аумағында ГЭС жұмыс істеп жатыр", - деді Семей әкімдігінің білім бөлімінің өкілі Руфия Файнуллаева.
Балаларға арналған жұқпалы аурулар ауруханасында тағы бір бала жатыр - 8 жастағы оқушы. Бала 3 қарашада түскен. Қазіргі уақытта оның жағдайы тұрақты деп бағаланып отыр. Баланың денсаулығы жақсарып келеді, оның басы ауырғаны қойып, дене қызуы қайтқан.