03 наурыз 2022 14:27

Сенат әскери қызмет туралы заң жобасын Мәжіліске қайтарды

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сенат депутаттары әскери қызмет туралы заң жобасы бойынша Мәжілістің кейбір түзетулерімен келіспеді. Сонымен қатар, бірқатар норманы алып тастауды ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Сенат депутаттары әскери қызмет туралы заң жобасы бойынша Мәжілістің кейбір түзетулерімен келіспеді. Сонымен қатар, бірқатар норманы алып тастауды ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сенатта әскери қызметке байланысты мәселе, арнайы мемлекеттік орган қызметкерлері мен әскери қызметшілердің тұрғын үйге қатысы туралы заң жобасы қаралды.

"Заң жобасын талқылау барысында Сенатта әскери қызметшілердің құқықтарын реттеу мәселелерінде кешенді тәсілді қамтамасыз етуге байланысты "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" заңның 6-бабы 2-тармағының қолданыстағы редакциясын сақтау бойынша оған өзгерістер енгізу қажет", - деді сенатор Сергей Ершов отырыста.

Мәжілісте мақұлданған заң жобасында әскери қызметшілерге қарудан басқа арнайы құралдарды да беруге, алып жүруге және қолдануға рұқсат етіледі.
 
Мәжілістің түзетулерінде әскери қызметшілердің кейбір жағдайларда арнайы құралдарды қолдануға құқығы бар екені көрсетілді. Олардың арасында:

  • Тәртіп бұзушының әскери бөлім немесе өзге де қорғаныс нысаны аумағына кіруі;
  • Қарулы Күштердің, басқа да әскер мен әскери құралымдардың ғимараттарына, үй-жайларына, көлік құралдарына жасалған шабуылын тойтару;
  • Әскери қызмет міндеттерін орындау кезінде заңды өкімге немесе талапқа бағынбау;
  • Көлік құралын басқаратын адам әскери қызметшінің заңды талаптарын орындамаса, оны зақымдау арқылы тоқтату.

Сондай-ақ, Сенат алып тастаған Мәжіліс түзетулерінде "Әскери қызметші заңда көзделген әскери қызметшінің өзіне, басқа азаматтарға және ол қорғайтын нысанға қол сұғу сипаты мен қауіптілігіне сәйкес келсе, ол күш көрсетіп, ұрыс техникасын, арнайы құралдарды, қаруды қолдануына байланысты келтірілген моральдық, материалдық жағынан зиян келтіргені үшін жауапты емес".

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 439.43   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети