Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Сенат депутаттарын сайлау қалай өтеді? 28 қараша 2022, 12:12

Орталық сайлау комиссиясы Парламент Сенаты депутаттарын сайлаудың қалай және қашан өтетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
  • WhatsApp
  • Қате таптыңыз ба?

Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Орталық сайлау комиссиясы Парламент Сенаты депутаттарын сайлаудың қалай және қашан өтетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Кандидаттарды ұсыну 29 қарашада басталып, 14 желтоқсанда жергілікті уақыт бойынша сағат 18:00-де аяқталады. Науқан 16 күнге созылады.

Үміткерлерді тіркеу 26 күнге яғни 29 қараша мен 24 желтоқсан сағат 18:00-ге дейін жалғасады.

Сайлау науқанын өткізуге 19 күн белгіленді – 24 желтоқсан мен 13 қаңтар сағат 00:00-ге дейін.

13 қаңтар - тыныштық күні. 14 қаңтар дауыс беру күні. 20 қаңтарға дейін ОСК сайлау нәтижелерін жариялайды.

"Сенат депутаттығына кандидаттар ұсыну екі жолмен жүзеге асырылады:

  1. Облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың, аудандық мәслихаттардың сессияларында. Олар бойынша саяси партиялар және өзге де қоғамдық бірлестіктер мәслихаттардың өкілдері арқылы Парламент Сенатының депутаттығына кандидатуралар ұсынады. Бұл ретте бірнеше мәслихаттан бір кандидат ұсынылуы мүмкін;
  2. Өзін-өзі ұсыну тәртібімен.

Кандидатты облыстың барлық мәслихаты, Республикалық маңызы бар қаланың немесе Астананың мәслихатынан өкілдік ететін сайлаушылардың жалпы санының кемінде 10 пайызы, бірақ бір мәслихат сайлаушыларының 25 пайызынан аспайтын дауысы қолдауға тиіс. Сайлаушыларды қолдау қол жинаумен куәландырылады, әрбір сайлаушы Сенат депутаттығына бір ғана кандидатты қолдап, қол қоюға құқылы", - деді ОСК мүшесі Константин Петров отырыста.

Кандидат тiркелгеннен кейiн қойылған қол сот шешiмi негiзiнде ғана қайтарып алынады. Сайлаушылар тізімдеріне облыстың, республикалық маңызы бар қаланың немесе астананың аумағында орналасқан мәслихаттардың барлық депутаты енгізіледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Join Telegram