Сенат депутаттарын сайлау. Президент бірнеше Жарлыққа қол қойды 26 қараша 2022, 13:23

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірнеше жарлыққа қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент мынадай Жарлықтара қол қойды:
- "Қазақстан Республикасының ауылдық аумақтарын дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы";
- "Қазақстан Республикасы Президентінің "Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым" сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі шаралар туралы";
- "Заңсыз шығарылған активтерді мемлекетке қайтару жөніндегі шаралар туралы";
- "Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлауды 2023 жылғы 14 қаңтарға тағайындау туралы";
- "Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының кейбір мәселелері туралы".
Еске салайық, бүгін Астанада Президентті ұлықтау рәсімі өтті. Онда Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа президенттік мерзімдегі бірінші жарлығын айтып, сайлауға әділ және ашық болды деген баға берген еді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!