19 мамыр 2022 10:03

Сенат Жоғарғы сот судьясын қызметінен босатуға дауыс берді

Ерден Арипов. Фото: sud.gov.kz Ерден Арипов. Фото: sud.gov.kz

Парламент жоғарғы палатасының депутаттары Жоғарғы сот судьясы Ерден Ариповті қызметінен босатуға дауыс берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Парламент жоғарғы палатасының депутаттары Жоғарғы сот судьясы Ерден Ариповті қызметінен босатуға дауыс берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Сіздің қарауларыңызға Жоғарғы сот судьясы Ерден Ариповті басқа лауазымға тағайындауға байланысты қызметінен босату туралы ұсыныс енгізілді. Мемлекет басшысының Жарлығымен 26 наурызда Ерден Рауанұлы Қарағанды облыстық сотының төрағасы болып тағайындалды. Құрметті депутаттар, Мемлекет басшысының Жоғарғы сот судьясы қызметінен Арипов Ерден Рауанұлын босату туралы ұсынысына қолдау көрсетуіңізді сұраймын", - деді Жоғарғы сот кеңесінің төрағасы Денис Шипов.

Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитеті Президенттің ұсынысын талқылады.

"Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынысы негізінде Комитет Парламент Сенатына басқа қызметке тағайындалуына байланысты Арипов Ерден Рауанұлын Жоғарғы соттың судьясы қызметінен босату туралы ұсыныс жасады. Қолдау көрсетуіңізді сұраймын", - деді депутат Владимир Волков.

Депутаттар судьяны қызметінен босатуға дауыс берді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети