10 қараша 2016 | 16:56

Сенат Жоғарғы Соттың судьясын сайлап, Байқоңыр қаласының мәртебесі туралы хаттаманы ратификациялады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© PROFIT.kz © PROFIT.kz

Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуіменПарламент Сенатының отырысы болды. Палата отырысында депутат Дархан Кәлетаев Сенаттың Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің құрамына сайланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Парламентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуіменПарламент Сенатының отырысы болды. Палата отырысында депутат Дархан Кәлетаев Сенаттың Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің құрамына сайланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Парламентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сенаттың баспасөз қызметі хабарлағандай,  сенаторлар сондай-ақ Гүлнар Мергенованы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы қызметіне сайлады. Оның кандидатурасын Жоғары Сот Кеңесінің ұсынымы негізінде Мемлекет басшысы ұсынған болатын. Жан-жақты талқылай келіп, Палата 1995 жылғы 23 желтоқсандағы Қазақстан мен Ресей арасындағы Байқоңыр қаласының мәртебесі және ондағы атқарушы өкімет органдарын құрудың тәртібі мен олардың мәртебесі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялады.

"Бұл Хаттамамен 1995 жылғы 23 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Байқоңыр қаласының мәртебесі және ондағы атқарушы өкімет органдарын құрудың тәртібі мен олардың мәртебесі туралы келісімге өзгерістер енгізіледі, оның мақсаты Байқоңыр қаласында тіркелген салық салушыларды қосарланған салық салу мәселелерін реттеу болып табылады", - деді Сенаттың Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі Ольга Перепечина. Хаттамаға сәйкес, Байқоңыр қаласының аумағынан Қазақстанның өзге аумағына тауарлар әкетілетін немесе Қазақстанның өзге аумағынан Байқоңыр қаласының аумағына тауарлар әкелінетін жағдайда нөлдік ставка бойынша қосылған құн салығы салынады және акцизделетін тауарларға қатысты акциздер төлеуден босатылады.

Одан басқа, Байқоңыр қаласының аумағында немесе Қазақстанның өзге аумағында жұмыс істеу және қызмет көрсету барысында, егер бұл аумақ жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді орындау орны болып танылатын жағдайда жанама салықтар өндіріліп алынады. Отырыс барысында сенаторлардың депутаттық сауалдары жария етілді. Бекмырза Еламанов - Қызылорда облысындағы Арал аудандық ауруханасының құрылысына қаржы бөлу туралы; Икрам Адырбеков - үздік халықаралық тәжірибені ескере отырып, әскери білім беру мен мамандар даярлау жүйесін жаңғырту туралы; Жабал Ерғалиев - Ақмола облысындағы Еңбекшілдер ауданына Біржан салдың есімін беру туралы; Аңсар Мұсаханов - Алматы облысындағы Балқаш ауданы аумағында "Іле-Балқаш" мемлекеттік табиғи қорығын құру қажеттігі туралы; Ертарғын Астаев - Жамбыл облысындағы инфрақұрылым нысандары құрылысына қаржы бөлу туралы; Қуаныш Айтаханов - Оңтүстік Қазақстан облысындағы мектептер санын көбейту туралы сауалдарды жария етті.

 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети