26 маусым 2014 12:44

Сенат Олимпиада чемпиондарына үй беруді қарастыратын заңды қабылдады

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Тengrinews.kz ©Тengrinews.kz

ҚР Парламенті Сенатының депутаттары "Дене шынықтыру және спорт туралы" заңды қабылдады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz  тiлшiсi.


ҚР Парламенті Сенатының депутаттары "Дене шынықтыру және спорт туралы" заңды қабылдады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz  тiлшiсi.

Аталған заң жобасы спортшыларға ҚР Мемлекеттiк Әнұранын бiлудi мiндеттеп, мемлекеттiк кәсіпорындарда мемлекеттiк сатып алу туралы заңнаманы қолданбай спорттық iс-шараларды ұйымдастыруға және өткiзуге рұқат ететiн нормалар қарастыратын болады. Сонымен қатар, әуесқой, кәсіпқой спорт ретіндегі спорт федерацияларының құқықтары мен міндеттері және Ұлттық олимпиадалық қозғалыс, Паралимпиадалық, Сурдлимпиадалық және арнаулы олимпиадалық қозғалыстардың қызметін заңдық жағынан құжаттың негізгі өзгешелігі болып отыр.

Ең маңыздысы, жаңа заң олимпиада чемпиондарына тұрғын үй беруді көздеп, олимпиада чемпиондары мен жүлдегерлері атанған спортшыларын әлеуметтік тұрғыдан қолдау туралы нормаларды қарастырған. Заңға сәйкес, спорт федерацияларын аккредиттейтін институт, жаттықтырушылар мен спорт төрешілерін қайта аттестаттау, "мүгедек спортшы", "бейінді дене шынықтыру және спорт", "ардагер спортшы", "жаттықтырушыны, спорт дәрігерін жарыстан шығарып тастау" секілді жаңа ұғымдар енгізілді.

Мүгедек спортшыларды табысқа жетуге ынталандырып, Паралимпиадалық және Сурдлимпиадалық ойындардың чемпиондары мен жүлдегерлері атанған мүгедек спортшыларды және олардың жаттықтырушыларын өмір бойы ай сайынғы материалдық қамтамасыз етуді алуға құқығы бар тұлғалардың тізбесіне енгізу, сондай-ақ тұрғын үй алуға құқығы бар Олимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлеріне теңестіру арқылы оларды әлеуметтік қолдауға бағытталған түзетулер қамтылып отыр.

Аталған заңда ұлттық спорт түрлерi бойынша бап бөлек жазылып, оны олимпиадалық спорт түрлерiмен тең дәрежеде дамыту көзделіп отыр.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети