Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Сенат петиция туралы заң жобасын мақұлдады 21 қыркүйек 2023, 11:29

Сенат депутаттары жалпы отырыста "Қоғамдық бақылау туралы" заң жобасын екі оқылымда мақұлдады, онда енді 50 мыңнан аса дауыс жинаған азаматтық
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Қате таптыңыз ба?

Freepik Freepik

Сенат депутаттары жалпы отырыста "Қоғамдық бақылау туралы" заң жобасын екі оқылымда мақұлдады, онда енді 50 мыңнан аса дауыс жинаған азаматтық өтініштер үкімет деңгейінде қаралатын болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Басқару нысанын өзгерту, елдің әкімшілік-аумақтық құрылымы мен шекаралары, сот төрелігі, рақымшылық, Ұлттық қауіпсіздік сияқты мәселелер бойынша өтініштер берілмейді, "тыйым салынған" тақырыптардың тізбесі конституциялық және қылмыстық құқық, референдум туралы заң негізінде қалыптастырылады", - деп баяндаманы сенатор Руслан Рүстемов оқыды.

Сонымен қатар, ол өтінішті міндетті түрде қарау үшін дауыс беру шегі белгіленетінін айтты:

  • 50 мың адам тұратын аудан деңгейінде – 2,5 мың дауыс, басқа жағдайда – халықтың 5 пайызынан кем емес;
  • халық саны 50 мыңнан асатын мәслихаттардың құзыретіне жататын мәселелер бойынша аудандық деңгейде 5 мың дауыс, қалған жағдайда – халықтың кемінде 10 пайызы;
  • облыстық деңгей (әкiмдiктер құзыретiне жататын мәселелер бойынша) - тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк тұрғындарының 1 пайызы дауыс беру құқығына ие болуы керек;
  • облыстық деңгей (мәслихаттардың құзыретіне жататын мәселелер бойынша) – тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік халқының кемінде 2 пайызы;
  • республикалық деңгейде (үкiмет құзыретiне жататын мәселелер бойынша) – кемiнде 50 мың дауыс.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

  • ПОДЕЛИТЬСЯ

Join Telegram