29 сәуір 2021 11:28

Сенат шетелдіктерге жер сатуға тыйым салатын заң жобасын Мәжіліске қайтарды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Сенат "Жер қатынастары мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасына түзетулер енгізіп, Мәжіліске қайтарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Сенат "Жер қатынастары мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасына түзетулер енгізіп, Мәжіліске қайтарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Парламенттің жоғарғы палатасының депутаттары заң жобасына жеке орман өсіру мәселесі бойынша өзгерістер енгізу қажет деп шешті. Сондықтан сенаторлар түзетулер енгізіп құжатты Мәжіліске жіберуді ұйғарды.

Заң жобасының мақсаты - шетелдіктердің, азаматтығы жоқ адамдардың, шетелдік заңды тұлғалардың, шетелдік қатысуы бар Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының, халықаралық ұйымдардың, халықаралық қатысуы бар ғылыми орталықтардың, сондай-ақ қандастардың ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін жеке меншік немесе жер пайдалану құқығымен иеленуіне тыйым салу.

Сондай-ақ, заң жобасында Қазақстан Республикасының азаматтығы тоқтатылған және шетелдік азаматтар мен заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңды тұлғасына қатысушылар құрамына кірген жағдайларда ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді иеліктен шығару мәселелері регламенттелген.

"Жер - халқымыздың басты байлығы, тәуелсіздігіміздің символы. Сондықтан жер мәселесінің стратегиялық маңызы зор. Бұл заң жобасы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін шетелдіктерге, азаматтығы жоқ адамдарға, шетелдік заңды тұлғаларға және қандастарға сатуға және жалға беруге тыйым салады.

Сондай-ақ, құжатта Қазақстан Республикасының азаматтығы тоқтатылған және шетелдік азаматтар мен заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңды тұлғасына қатысушылар құрамына кірген жағдайларда ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерін иеліктен шығару рәсімі көзделген. Жалпы, бұл заң жобасы ең алдымен халық пен мемлекет мүддесін қорғайды", - деді Сенат төрағасының орынбасары Нұрлан Әбдіров палата отырысында.

Осылайша заң жобасы қабылданған жағдайда ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге Қазақстан Республикасының азаматтары мен шетелдік қатысуы жоқ Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары ғана ие бола алады.

Елдегі жер мәселелерін заңнамалық реттеу осы Заң қабылданғаннан кейін жалғастырылады.

Айта кетейік, жақында бес сенатор қатысқан жер комиссиясы өз жұмысын аяқтаған болатын. Комиссия отырысы барысында осы саладағы заңнаманы жетілдіруге қатысты көптеген ұсыныстар айтты. Ұсыныстарды ескере отырып, Үкімет қазіргі уақытта жер пайдалану саласында заңнамалық түзетулер топтамасын әзірлеп жатыр. Соңғы отырыста қазақстандықтар үшін ауыл шаруашылығы жерлерін сатуға мораторийді бес жылға ұзарту туралы шешім қабылданған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети