Сенат спикері Әшімбаев Қазақстанның мемлекеттік қарызы туралы айтты

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сенат спикері Әшімбаев Қазақстанның мемлекеттік қарызы туралы айтты Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Парламент Сенатының спикері Мәулен Әшімбаев Қазақстанның мемлекеттік қарызы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Парламент Сенатының спикері Мәулен Әшімбаев Қазақстанның мемлекеттік қарызы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Журналистер сұрағына жауап берген Сенат спикері мемлекеттік қарыздың өсуіне алаңдаушылық білдірді.

"Бұл өте күрделі мәселе. Осы жерде бұрыннан жұмыс істейтін журналистер біледі, былтыр мемлекет қарызы бойынша бұл мәселені көтергенбіз, оның өскенін сынаған едік. Содан кейін Үкімет жағдайды бақылауға алуға уәде берді, қазір бюджет аясында, әрине, бұл мемлекеттік қарыз мәселесін тағы да қарастырамыз", - деді Әшімбаев Сенат отырысында.

Бұдан бөлек, журналистер сенаторлар үкіметтен Ұлттық қордан бөлінетін қаржы көлемін азайтуды сұрай ма деген сауал қойды.

"Қазір айту қиын. Оны кеше ғана Мәжілістегі әріптестеріміз қарады, бүгін бюджет жобасын алуымыз керек, оны зерделейміз, мұқият қараймыз, сұрақтар туындаса, әрине, көтереміз, Үкімет өкілдерімен сөйлесеміз. Қандай мәселелер, нақтырақ айтсақ, не туралы сөйлесетініміз туралы пікір айтуға әлі ерте, құжатпен кем дегенде бір апта жұмыс істейік", - деп жауап берді Мәулен Әшімбаев.

Оның айтуынша, сенаторлар бюджетке түзетулерді 5 мамырда қарайды.

Бұған дейін Мәжілісте 2022 жылға арналған бюджетке түзетулер бекітілген болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 509.21  course up  592.35  course up  6.64  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети