2009 жылы Астана әуежайына Нұрсұлтан Назарбаевтың есімін беру туралы ұсыныс айтқан Сенат депутаты Дархан Калетев идеясына қатысты пікірін білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
2009 жылы Астана әуежайына Нұрсұлтан Назарбаевтың есімін беру туралы ұсыныс айтқан Сенат депутаты Дархан Калетев идеясына қатысты пікірін білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Дархан Калетев бұл идеяның қызу әңгіме барысында пайда болғанын айтты.
"Меніңше, мұндай идея журналистермен өткен баспасөз конференциясы барысында пайда болды. Жарты жыл бұрын Тәуелсіздіктің 25-жылдығына орай декларация қабылданып жатқанда да осы идеяны қайталап айтқан едім. Осы ұсынысты үнемі айтып жүретінмін", - деді сенатор.
"Бұл мәселені 2009 жылы қарастырған кезде әлемдегі 100-ден аса әуежайдың атауы саяси қайраткерлер, батырлар мен ұлы адамдардың есімдерімен байланысты болды. Жалпы алғанда, әуежай - ол елге кіретін әуе қақпасы. Сәйкесінше, жолаушылар әуежайға келгенде қай елге келгендерін білетін болады. Нұрсұлтан Назарбаев пен Қазақстанды бүгінде бөлуге болмайды. Ол әлем бойынша танымал. Онымен қоса, қазіргі уақытта Нұрлы жол сияқты бағдарлама жүзеге асырылып жатыр. Меніңше, бұл дұрыс шешім", - деді депутат.
Сонымен қатар, сенатор әуежайларға мемлекеттік қайраткерлердің есімін беру тәжірибесінің батыстан алынғанын айтып өтті.
"Негізінде осы жобаны еске алатын болсақ, бұл тәжірибе батыстан алынып отыр. Автократия (жеке адамның шексіз билігі) жайлы қандай да бір сын айтатындарға осыны еске салғым келеді. Сол кезде байқағанымыз, Америкадағы әуежайлардың жартысына дерлік біреудің есімі берілген. Еуропада да солай. Жалпы бұл идеяның авторы - "Нұр Отан" партиясы", - деді Сенат депутаты Дархан Калетев
Еске сала кетейік, бүгін, 20 маусымда Қазақстан үкіметінің шешімімен Астана әуежайына Нұрсұлтан Назарбаев есімі берілді. "1. Астана халықаралық әуежайы "Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы" болып қайта аталсын. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Б. Сағынтаев", - делінген еді қаулыда.