Сенатор барлық балабақшаны қазақ тіліне көшіруді ұсынды

01 Наурыз 2018, 12:55
1
Сенатор барлық балабақшаны қазақ тіліне көшіруді ұсынды -

Сенатор Мұрат Бақтиярұлы премьер-министр Бақытжан Сағынтаевқа барлық балабақшаны латын әліпбиінің негізінде мемлекеттік тілде білім алуға көшіруді ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Латын әліпбиі арқылы Қазақстанда тұратын әрбір өкіл мемлекеттік тілді білуі қажет. Барлық диаспора осы мәселенің маңыздылығын түсінуі үшін түсіндірме жұмыстарын жүргізуі қажет, себебі, болашақта латын әліпбиі қазақ тілі бойынша жұмыс істейді. Мемлекеттік тіл - барлық қазақстандыққа бірыңғай тіл. Барлық балабақшада оқу-тәрбие жұмысының тек мемлекеттік тілде жүргізілуін қарастыру қажет. Бүгіннен бастап балабақшаларда балаларды латын әліпбиінің негізінде оқыта бастау керек", - делінген сенатордың депуттатық сауалында.

Сондай-ақ, депутат Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Парламент пен Үкіметтің қызметі тек мемлекеттік тілде жүргізілуге тиіс екендігі жайлы бастамасын қолдайтынын айтып өтті.

"Бұл өзекті мәселе. Мемлекет басшысының осы тапсырмасы барлық мекемеде орындалса жақсы ғой. Облыс әкімдіктерінен бастап барлық мекемеде", - деді сенатор Мұрат Бақтиярұлы.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікірлерді көру (1)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай