12 қазан 2016 13:58

Сенатор Назарбаева Францияның СІМ өкілдерімен кездесті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© parlam.kz © parlam.kz

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Дариға Назарбаева Француз Республикасы Сыртқы істер және халықаралық даму министрлігі Құрлықтық Еуропа департаментінің директоры Флоранс Манженді қабылдады, деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР Парламент Сенатының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Д.Назарбаева Франция Қазақстанның Еуропалық Одақтағы саяси және экономикалық негізгі әріптес болып табылатынын атап өтті. Жүздесушілер екі ел арасындағы өзара іс-қимылдың жоғары деңгейіне де тоқталды. Гуманитарлық ынтымақтастық, атап айтқанда, университеттер арасындағы ынтымақтастықты тереңдетудің келешегі талқыланды. Қазақстан мен Франциядағы дінтану пәнін оқытуға қатысты тақырыптар да қозғалды.

Сондай-ақ халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер де талқыланды. Тараптар халықаралық терроризм және экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы пікір алмасты.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети