Сенат депутаты Еділ Мамытбеков зейнетақы жинағын тұрғын үй мен емделуге жұмсау нормаларын қамтитын экономикалық өсімді қалпына келтіру туралы заң жобасының Мәжіліске қайтарылуына қатысты түсініктеме берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Сенат депутаты Еділ Мамытбеков зейнетақы жинағын тұрғын үй мен емделуге жұмсау нормаларын қамтитын экономикалық өсімді қалпына келтіру туралы заң жобасының Мәжіліске қайтарылуына қатысты түсініктеме берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Бүгін бірқатар БАҚ-та қазақстандықтардың түсінбеушілігін тудыратын ақпарат жарияланды. Яғни, Сенат Мәжіліске зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын алу туралы ережені қайтарғаны хабарланды. Тіпті біреу менің сөзіме тікелей сілтеме жасаған. Алайда, мен бұл турасында ештеңе айтпаған едім. Біздің отырыс тікелей эфирде Сенаттың сайтында көрсетілді және қазір YouTube-те қолжетімді.
Негізінде бүгінгі отырыста сенаторлар экономикалық өсуді қалпына келтіру мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге енгізілетін түзетулерді қарады. Осы аталған бағытқа өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Азаматтардың зейнетақы жинақтарының бір бөлігін тұрғын үй мәселелерін шешу және емделу ақысын төлеу үшін пайдалану құқығына қатысты нормалар өзгеріссіз қалды. Бұл бөлімге сенаторлар ешқандай жаңалық ұсынған жоқ.
Отырыста қазақстандықтардың зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын алу мүмкіндігінен бас тарту туралы сөз болған жоқ. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша біздің азаматтар зейнетақы жинақтарының бір бөлігін келесі жылдың қаңтар айының алғашқы күндерінен бастап ала алады", - деді депутат.
Еділ Мамытбековтың айтуынша, Сенат қабылдаған өзгерістер мен толықтырулар Мәжіліске жіберілді. Олар тек заң жобасының жекелеген ережелерін нақтылайды.
"Бұдан басқа, бұрын депутаттық корпус осы бөлікте бірқатар қосымша шараларды пысықтаған болатын. Еске сала кетейін, жақында сенаторлар зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын алу кезінде біржолғы табыс салығын ұстап қалуды емес, оны зейнеткерлікке шыққанға дейін төлеуді кейінге қалдыруды және адамдарға оны 16 жыл бойы бөліп төлеуге мүмкіндік беруді ұсынды. Осылайша сенаторлар зейнетақы жинақтарының бір бөлігін мерзімінен бұрын алу туралы норманы қолдайды. Бұл туралы бүгін Сенат отырысында да айттық", - деді Мамытбеков.
Зейнетақыны мерзімінен бұрын алу: Сенат заң жобасын Мәжіліске қайтарды
Еске салайық, заңда азаматтардың зейнетақы жинақтарының бір бөлігін тұрғын үй сатып алуға және емделуге пайдалану құқығы жазылған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!