НАУРЫЗДЫҢ ТОЙЛАНУЫ. 21 НАУРЫЗ

Зейнетақы жинағын алған кезде салынатын салық: Тоқаев түзетулерге қол қойды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото:elements.envato.com Фото:elements.envato.com

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев зейнетақы жинақтарын алу кезінде жеке табыс салығын төлеуді кейінге қалдыру туралы түзету бойынша заңға қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев зейнетақы жинақтарын алу кезінде жеке табыс салығын төлеуді кейінге қалдыру туралы түзету бойынша заңға қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) және "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды", - делінген хабарламада. 

Бұған дейін Парламент зейнетақы жинағының бір бөлігін алу кезінде ұсталатын жеке табыс салығының мерзімін кейінге қалдыру бойынша түзетулер енгізген болатын. 

Заң жобасы бойынша:

- Жеке тұлғаларға зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамаға сәйкес біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдаланған кезде жеке табыс салығын төлеу мерзімін ұзарту құқығын беру, сондай-ақ оны есептеу, ұстап қалу және төлеу тәртібін айқындау;

-  пандемиядан зардап шеккен секторларда жұмыс істейтін шағын және орта бизнес субъектілеріне айналымнан бөлшек салық төлеу құқығын беру үшін бөлшек салықтың арнайы салық режимін енгізу;

- ағымдағы жылдың соңына дейін Үкімет белгілеген қызмет түрлерінің тізбесі бойынша экономиканың неғұрлым зардап шеккен салаларындағы микро-, шағын және орта бизнес субъектілеріне бюджетке төленуге жататын әлеуметтік салық сомасын есептелген әлеуметтік салық пен әлеуметтік аударымдар сомасының арасындағы айырма ретінде белгілеу құқығын беру;

- жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салық және жеке тұлғалардың жер салығы бір төлемге біріктіріледі, көппәтерлі үйлердің тұрғындары үшін жер салығын төлеу тоқтатылады;

- көлік салығын төлеу мерзімін ағымдағы жылдың 31 желтоқсанынан келесі жылдың 1 сәуіріне ауыстыру;

- Жеке тұлғаларға қызметтер мен тауарларды электронды түрде сататын шетелдік интернет-компаниялар қосылған құн салығын төлеуге міндетті болады ("Google салығы").

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer