Сергей Куянов "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ департамент басшысы болып тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сергей Куянов "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ департамент басшысы болып тағайындалды Сергей Куянов

"Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясының Қоғаммен байланыс департаментінің бұрынғы директоры Сергей Куянов "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қорында жаңа қызметке тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясының Қоғаммен байланыс департаментінің бұрынғы директоры Сергей Куянов "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қорында жаңа қызметке тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жалғасы

Сергей Куянов "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қорының Қоғаммен байланыс департаментін басқаратын болды. Оның айтуынша, жаңа қызметке ол бүгін, 15 қаңтарда кірісті.

"Мен жаңа қызметке келдім, жұмыспен танысып жатырмын. Әзірше жақсы не жаман деп ештеңе айта алмаймын. Бастапқыда барлығын түсініп алуым керек, мұнда ненің қалай жұмыс істейтінін түсінгім келеді", - деді Сергей Куянов.

Еске сала кетейік, 2017 жылдың желтоқсанында Ахметжан Есімов "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры басқарма төрағасы болып тағайындалған еді. Ахметжан Есімов 2015 жылы тамыз айында "Астана ЭКСПО-2017" ҰК" АҚ басқарма төрағасы етіп тағайындалған болатын

Сондай-ақ, бүгін "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ  жаңа құрылымының бекітілгені хабарланған еді. Жаңа құрылымға сәйкес, басқарушы директорлар саны 10-нан 5-ке дейін, департаменттер мен құрылымдық бөлімшелер саны 37-ден 27-ге дейін қысқартылды және басқарма төрағасының орынбасары қызметіне бір штаттық бірлігі енгізілді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети