23 желтоқсан 2017 15:40

Ахметжан Есімов "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ басшысы болып тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© primeminister.kz © primeminister.kz

Ахметжан Есімов "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры басқарма төрағасы болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР премьер-министрінің ресми сайтына сілтеме жасап.


Ахметжан Есімов "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры басқарма төрағасы болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР премьер-министрінің ресми сайтына сілтеме жасап.

"Бүгін ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен, ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев пен ҚР Президенті Әкімшілігінің Басшысы Әділбек Жақсыбеков "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ ұжымына жаңа басқарма төрағасы – Ахметжан Есімовті таныстырды", - делінген хабарламада.

Ахметжан Есімов 2015 жылы тамыз айында "Астана ЭКСПО-2017" ҰК" АҚ басқарма төрағасы етіп тағайындалған болатын. Бұған дейін Алматы қаласының әкімі болды. 2001 жылдың мамыры мен 2006 жылдың қаңтары аралығында ауыл шаруашылығы министрі, премьер-министрдің орынбасары қызметін атқарды. 2006 жылдың қаңтарында ауыл шаруашылығы министрлігінің басшылығына қайта келді. 

"Самұрық-Қазына" ҰӘҚ бұрынғы басшысы Өмірзақ Шөкеев премьер-министрдің орынбасары - ҚР ауыл шаруашылығы министрі болып тағайындалды.

Өмірзақ Шөкеев 2011 жылдан бастап "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қорын басқарды. Кей жылдары Қостанай облысының, Астана қаласының және Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі болды. Шөкеев 2007 жылы тамызда Қазақстан премьер-министрінің орынбасары болып тағайындалды.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети