1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

"Сергек" Алматыда карантин кезінде ереже бұзғандарды анықтайды

"Сергек" бақылау камералары карантин кезінде төтенше жағдай режимін бұзғандарды анықтайды. Бұл туралы Алматы қалалық полиция департаментінің басшысы Қанат Таймерденов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Сергек" камералары қала ішінде бақылайды. Мысалы, карантин кезінде ереже бұзған адам видеобақылау камерасына түсіп қалады да кейін сотта оны дәлел ретінде көрсетуге болады. Қазіргі уақытта 27 блокпосттан өткен және қалаға кірген көліктер камераға түсіріліп жатыр", - деді Таймерденов.

"Планшеттерге қандай автокөлік түрі өткенін - жеңіл көлік пе әлде жүк көлігі ме барлығын түсіріп отырамыз", - деді полиция департаментінің басшысы.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!