Серік Ахметов апелляциялық шағым түсірді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Серік Ахметов Серік Ахметов

Серік Ахметов апелляциялық шағым түсірді. Бұрынғы премьер-министр №2 Қазыбек би аудандық сотының шешіміне шағым түсірмекші. Соттың шешіміне сәйкес, Серік Ахметов пен осы істегі тағы төрт фигурант мемлекетке 150 миллион теңге төлеуге міндеттелген болатын, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Серік Ахметов апелляциялық шағым түсірді. Бұрынғы премьер-министр №2 Қазыбек би аудандық сотының шешіміне шағым түсірмекші. Соттың шешіміне сәйкес, Серік Ахметов пен осы істегі тағы төрт фигурант мемлекетке 150 миллион теңге төлеуге міндеттелген болатын, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Сотқа Серік Ахметовтің, Бауыржан Әбдішевтің және Айдос Жәкеновтің атынан апелляциялық шағымдар келіп түсті. Олар бірінші инстанциялы соттың 17 қазанда мемлекетке 150 миллион теңге өндіріп алу туралы шығарған үкіміне шағымданбақшы. Бұл шағымдар облыстық сотқа жіберілетін болады", - деді № 2 Қазыбек би аудандық сотының баспасөз қызметіндегілер.

Еске сала кетейік, Қазақстанның бұрынғы министрі Серік Ахметовке жемқорлық мәндегі алты қылмыс бойынша ресми түрде айып тағылған болатын, олардың қатарында аса ірі көлемде пара алды (тергеудің тұжырымынша, 2 миллион 400 мың доллар - Автор.), аса ірі көлемде бюджет қаржысын жымқырды, лауазымын асыра пайдаланды және кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласты деген айыптар бар. Ал осыған дейін Қарағанды облысының бұрынғы әкімі Бауыржан Әбдішев қызметтік өкілеттігін теріс пайдаланғаны үшін ҚР Қылмыстық Кодексінің 307-бабы бойынша айыпталған еді. Оған "Мемлекеттік сатып алулар туралы" заңды жеке мақсаты үшін бұза отырып, тендерлерде жекелеген фирмалардың мүддесін қорғады деген айып тағылды.

Серік Ахметов 2014 жылы қарашада қамауға алынды. Осыдан кейін қамау мерзімі ұзартылды.

Ал кейінірек Серік Ахметовтің ісі бойынша сотталған адамның мерзімінен бұрын шартты түрде босатылғаны хабарланған болатын. "Сотталушының өтініші қанағаттандырылсын. Қарағанды облыстық қылмыстық істер бойынша мамандандырылған аудандық соттың шығарған үкімімен сотталған Дәрібеков Ернар Маратұлы мерзімінен бұрын шартты түрде босатылсын. Екі жылға бас бостандығынан және мемлекеттік мекемелерде 5 жылға дейін қызмет ету құқығынан айырылсын", - делінген соттың қаулысында. Айта кетейік, Дәрібеков 5 шілдеде босатылды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro