13 наурыз 2015 21:44

Серік Ахметовке 6 қылмыс бойынша айып тағылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Tengrinews.kz ©Tengrinews.kz

Прокуратура Қазақстанның бұрынғы министрі Серік Ахметовке жемқорлық мәндегі алты қылмыс бойынша ресми түрде айып тақты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі мемлекеттік қызмет және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі департаменттің тергеу органына сілтеме жасап. 


Прокуратура Қазақстанның бұрынғы министрі Серік Ахметовке жемқорлық мәндегі алты қылмыс бойынша ресми түрде айып тақты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі мемлекеттік қызмет және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі департаменттің тергеу органына сілтеме жасап. 

"Бақылау органы қылмыстық іс бойынша дәлелдердің барлығы заңға сәйкес жинақталғанын және тергеу әрекеті кезінде, сонымен бірге, іс бойынша материалдарды жинау барысында заңбұзушылық жоқ деп тапты. Серік Ахметовке Қылмыстық кодекстің төрт бабы бойынша айып тағылып отыр - аса ірі көлемде пара алды, бюджет қаражатынан аса ірі көлемде ақша жымқырды, қызметтік бабын асыра пайдаланды және кәсіпкерлік іске заңсыз қатысу", - деді тергеу органдарының қызметкерлері.

Серік Ахметов сотқа жіберілмейінше айыпталушы ретінде, ал одан кейін сотталушы болады. Соттың бекіткен мерзімі 18 сәуірде аяқталады, одан кейін қылмыстық іс сотқа жіберіледі. 

Қазіргі уақытта үй қамауында отырған Серік Ахметов 150 томнан тұратын қылмыстық іс материалдарымен танысып жатыр. 

Еске сала кетейік, Тергеудің мәліметінше, Қарағанды облысы әкімдігінің басшысы мен облыстың бұрынғы әкімі Серік Ахметов алдын ала сөз байласып, қосалқы мердігер - "Центрстрой-комплект НС" ЖШС чех жабдығын арзан жабдықпен ауыстырған. Жабдықтың екі түрінің арасындағы 1 миллиард 200 миллион теңге көлеміндегі айырманы күдіктілер өзара иемденген. Тергеу мәліметтері бойынша, қылмысты жасыру үшін делдал фирмалар желісін ашып, олардың шотына ақшаны аудару арқылы бюджет қаражатын жылыстатудың схемасын жасаған.

Еске сала кетейік, Серік Ахметов Қарағанды облысының әкімі қызметінен 2011 жылы босатылды, содан кейін ҚР Премьер-министрінің орынбасары болып тағайындалды. 2012 жылы Премьер-министр қызметіне кірісті. 2014 жылдың сәуірінде Серік Ахметов ҚР Қорғаныс министрі болып тағайындалып, 22 қазан күні бұл қызметтен өз еркімен кетті.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети