Серік Ахметов бостандыққа шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Серік Ахметов бостандыққа шықты Серік Ахметов колониядан шығып келе жатыр

Серік Ахметов бүгін таңертең бостандыққа шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Серік Ахметов бүгін таңертең бостандыққа шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қарағанды облысындағы колонияның алдында БАҚ өкілдері жиналды. Серік Ахметов колониядан шығып, көлігіне отырып, жақындарымен бірге кетіп қалды.

"Болашаққа әлі жоспар құрмадым. Немен айналысатынымды уақыт көрсетеді. Ал қазір үйге барамын", - деп жауап берді ол журналистерге.

Айта кетейік, Серік Ахметов жазасын Қарағанды облысындағы Қарабас ауылында АК159/18 колониясында өтеген болатын.

Осыған дейін соттағылар Серік Ахметовтің қалайша бостандыққа ерте шығатынын түсіндіріп берген еді. 

Еске салайық, Серік Ахметов 2014 жылдың қарашасында үй қамауына алынған болатын. Сот отырысы 2015 жылдың тамызында басталып, төрт айға жалғасты. Қылмыстық іс 338 томға жетті, оның 9 томы айыптау актісі. Жалпы 82 сот отырысы өтті. Іс бойынша 260 куәгерден жауап алынды. Процесске 4 мемлекеттік айыптаушы және 42 адвокат пен қорғаушы қатысты. Қазіргі заңнамаға сәйкес, соттың әділ өтуі үшін отырыстың ашық саясатын ұстану бойынша сәйкес шаралар жүргізілді. Ал 2015 жылдың желтоқсанында сот оны 10 жылға бас бостандығынан айырған болатын. Келген шығынды өтегеннен кейін оның жазасы 8 жылға қысқарған. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети