Соттағылар Серік Ахметовтің қалайша бостандыққа ерте шығатынын түсіндіріп берді

06 Қыркүйек 2017, 12:14
0
Соттағылар Серік Ахметовтің қалайша бостандыққа ерте шығатынын түсіндіріп берді - Серік Ахметов. © Тұрар Қазанғапов
Серік Ахметов. © Тұрар Қазанғапов

Қазақстанның экс-премьер-министрі Серік Ахметовтің өтелмеген жазасы бостандығын шектеу түріндегі жазаға ауыстырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қарағанды облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Соттың қаулысы 2017 жылдың 21 қыркүйегінде күшіне енеді. Серік Ахметов колонияда екі жылға жуық уақыт болды. Өтелмеген жазасы - 4 жыл 26 күн - оған бостандығын шектеу түріне ауыстырылды. Бұл экс-шенеунік бостандыққа шығады, бірақ қаладан шыға алмайды деген сөз. Соттың сайтындағы мәліметке қарағанда, Қарағанды облысы Абай аудандық соты сотталған Серік Ахметовтің жазаның өтелмеген қалған бөлігін бостандығын шектеу түріне ауыстыру туралы өтінішін қанағаттандырған. 

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 73-бабы бойынша (жаңа редакция), жаза мерзімінің үштен бір бөлігін өтегенінен кейін, қылмыспен келген шығынды толықтай өтеген жағдайда, қалған өтелмеген мерзімді сот жазаның жеңіл түріне ауыстыра алады. 

"Шешім шығарған кезде сот прокурор мен қылмыстық-атқару органы әкімшілігінің ұстанымын есепке алды. Бостандықтан айыру орындарында болған уақытында Ахметов жақсы тәртібімен көзге түсті. Ол ішкі тәртіптің барлық ережесін ұстанды, колонияның қоғамдық жұмыстарына белсенді араласты, бірқатар мадақтауға ие болды. Сонымен қатар, Ахметов қылмыс кезінде келтірген шығынын мемлекетке өтеп берді. Осы айтылғандарды негізге ала отырып сот жазаның өтелмеген бөлігін пробациялық бақылаудағы бостандығын шектеу түріндегі жеңіл жазаға өзгертті", - делінген соттың хабарламасында. 

Еске салайық, Серік Ахметов 2014 жылдың қарасында үй қамауына алынған болатын. Сот отырысы 2015 жылдың тамызында басталып, төрт айға жалғасты. Қылмыстық іс 338 томға жетті, оның 9 томы айыптау актісі. Жалпы 82 сот отырысы өтті. Іс бойынша 260 куәгерден жауап алынды. Процесске 4 мемлекеттік айыптаушы және 42 адвокат пен қорғаушы қатысты. Қазіргі заңнамаға сәйкес, соттың әділ өтуі үшін отырыстың ашық саясатын ұстану бойынша сәйкес шаралар жүргізілді. Ал 2015 жылдың желтоқсанында сот оны 10 жылға бас бостандығынан айырған болатын. Келген шығынды өтегеннен кейін оның жазасы 8 жылға қысқарған. 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай