29 мамыр 2018 13:24

Серік Ахметов соттан жазасын жеңілдетуді сұрап, кейіннен өтінішін қайтарып алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Экс-премьер-министр Серік Ахметов Қарағанды сотынан бостандықтан айыру туралы шешімді айыппұлға ауыстыруды сұрап, бірақ кейіннен өтінішін қайтарып алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Экс-премьер-министр Серік Ахметов Қарағанды сотынан бостандықтан айыру туралы шешімді айыппұлға ауыстыруды сұрап, бірақ кейіннен өтінішін қайтарып алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Серік Ахметовтің адвокаты жазаны жеңілдету туралы өтінішті Қазыбек би ауданының қылмыстық істер жөніндегі сотына қалдырған. Құжатта сотталушының адвокаты бас бостандығынан айыру жазасын айыппұлға ауыстыруды сұрайды. Алайда кейінірек ол өтінішті қайтарып алынған. Оның себебі айтылмайды.

"Осы мазмұндағы өтініш Ахметовтің адвокатынан келіп түсті. Бірақ 24 мамырда адвокат өтінішті өзі алып кеткен", - деп хабарлады соттың баспасөз қызметіндегілер.

Еске салайық, 2015 жылдың желтоқсанында Қарағанды облысының ауданаралық соты Ахметовті 10 жылға бас бостандығынан айырған еді. Бірақ 2017 жылдың қыркүйегінде Серік Ахметов бостандыққа шықты.

Ахметовтің қорғаушысы бұған дейін оның мемлекетке келтірілген шығынды толықтай өтегенін хабарлады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети