04 наурыз 2020 17:53

Серік Ахметовтің жаза мерзімі қысқарады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Пробация қызметі заңнамаға өзгерістер енгізілуіне байланысты Қарағандыдағы Қазыбек би аудандық сотынан экс-премьер Серік Ахметовтің қамаудағы мерзімін қысқартуды сұрады - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Пробация қызметі заңнамаға өзгерістер енгізілуіне байланысты Қарағандыдағы Қазыбек би аудандық сотынан экс-премьер Серік Ахметовтің қамаудағы мерзімін қысқартуды сұрады - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Пробация қызметі заңнамаға өзгертулер енгізілуіне байланысты Қарағандыдағы Қазыбек би ауданды соты сотталушы Серік Ахметовтің қалған мерзімін қайта есептеу туралы өтініш қалдырды. Сот өтінішті қанағаттандырып, үкім шығарды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ", - деді соттағылар.

Алдын ала мәлімет бойынша, Ахметовтің қамаудағы мерзімі шамамен 1,5 айға қысқартылады. Экс-премьер сот залына келген жоқ. Оның мүддесін адвокат Николай Лесник қорғап жатыр. 

Серік Ахметов 2017 жылы қыркүйекте бостандыққа шыққан болатын. "Болашаққа әлі жоспар құрмадым. Немен айналысатынымды уақыт көрсетеді. Ал қазір үйге барамын", - деген еді сол кезде Ахметов журналистерге.

Еске салайық, Серік Ахметов 2014 жылдың қарашасында үй қамауына алынған болатын. Сот отырысы 2015 жылдың тамызында басталып, төрт айға жалғасты. Жалпы 82 сот отырысы өтті. Іс бойынша 260 куәгерден жауап алынды. Ал 2015 жылдың желтоқсанында сот оны 10 жылға бас бостандығынан айырған болатын. Келген шығынды өтегеннен кейін оның жазасы 8 жылға қысқарған еді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети