14 наурыз 2016 19:50

Серік Ахметовтің жазасы жеңілдетілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағанды облысының соты дүйсенбіде Қазақстанның бұрынғы премьер-министрі Серік Ахметовке кесілген жазаның мерзімін 10 жылдан 8 жылға дейін қысқартты, - деп хабарлайды "Интерфакс-Қазақстан".


Қарағанды облысының соты дүйсенбіде Қазақстанның бұрынғы премьер-министрі Серік Ахметовке кесілген жазаның мерзімін 10 жылдан 8 жылға дейін қысқартты, - деп хабарлайды "Интерфакс-Қазақстан".

"Ахметовке кесілген ауыр жазаны жеңілге ауыстырып, мүлкін тәркілей отырып, 8 жылға бас бостандығынан айыру және мемлекеттік органдарда лауазымды қызмет атқару құқығынан 5 жыл мерзімге айыру жазасы тағайындалсын", - деді судья Рашид Нұрмағамбетов сот шешімін оқи отырып.

Судьяның айтуынша, жаза Ахметовтің 2 миллиард 254 миллион 445 мың 707 теңге көлемінде келтірілген шығынды толықтай өтеуіне байланысты жеңілдетілген.

Еске салайық, 2015 жылдың желтоқсанында Қарағанды облысының ауданаралық соты Ахметовті 10 жылға бас бостандығынан айырған еді.

Ахметовтің қорғаушысы бұған дейін оның мемлекетке келтірілген шығынды толықтай өтегенін хабарлады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети