13 шілде 2015 | 11:10

Серік Ахметовтің ісі сотқа жіберілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Серік Ахметов. © REUTERS Серік Ахметов. © REUTERS

Қазақстанның бұрынғы премьер-министрі Серік Ахметовке, сонымен қатар, Қарағанды облыстық әкімдігінің бірқатар лауазымды тұлғасына қатысты іс сотқа жіберілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанның бұрынғы премьер-министрі Серік Ахметовке, сонымен қатар, Қарағанды облыстық әкімдігінің бірқатар лауазымды тұлғасына қатысты іс сотқа жіберілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, Қарағанды облыстық прокуратурасы бұрынғы премьер-министр Серік Ахметовке, облыстың экс-әкімі Бауыржан Әбдішевке, Қарағандының бұрынғы әкімі Мейрам Смағұловқа, сонымен қатар, облыстық әкімдіктің бірқатар лауазымды тұлғалары мен коммерциялық ұйымның қызметкерлеріне (барлығы 21 адам) қатысты қызметті асыра пайдалану, бюджет қаржысын жымқыру және кәсіпкерлік қызметке заңсыз жолмен араласу айыптары бойынша қозғалған қылмыстық іс материалдарын зерттеуді аяқтады.

Серік Ахметов сонымен бірге, ірі көлемде пара алды деп айыпталып отыр.

"2015 жылғы 13 шілдеде жоғарыда аталған адамдарға қатысты қылмыстық іс мәні бойынша қаралуы үшін Қарағанды облысының қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотына жолданды. Айыпталушылар сотқа берілді", - делінген прокуратураның хабарламасында.

Серік Ахметов 2014 жылы қарашада қамауға алынды. Осыдан кейін қамау мерзімі ұзартылды.

 
Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети