Серік Шәпкенов министрлер жалақысын көтеруге енгізілген мораторий туралы айтты

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Серік Шәпкенов министрлер жалақысын көтеруге енгізілген мораторий туралы айтты Фото: gov.kz

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов министрлер жалақысы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов министрлер жалақысы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сенат отырысында журналистер сұрағына жауап берген министр Президенттің алдағы бес жылда министрлер, әкімдер және депутаттардың жалақысын көтеруге мораторий жариялауына байланысты шағым болмағанын айтты.

"Шағым болған жоқ. Мен Президентті толық қолдаймын. Бүгінде министрлердің жалақысы жеткілікті деп ойлаймын. (...) Инфляция министрлерге де әсер етеді. Оларға бөлек арзан өнім жоқ. Сондықтан әрине, оның әсері болады. Бірақ бүгінде жалақым сай деп ойлаймын. Сондықтан бұл жеткілікті", - деп жауап берді Шәпкенов.

Бұған дейін Серік Шәпкенов еңбек министрі ретінде айына бір миллион теңгеге жуық жалақы алатынын айтқан болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети