Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Серік Сүлейменов Президенттің "Байқоңыр" кешеніндегі арнаулы өкілі қызметінен босатылды 17 қаңтар 2022, 18:47

Серік Сүлейменов Қазақстан Республикасы Президентінің "Байқоңыр" кешеніндегі арнаулы өкілі лауазымынан босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек
  • Қате таптыңыз ба?

Серік Сүлейменов. Фото:gov.kz Серік Сүлейменов. Фото:gov.kz

Серік Сүлейменов Қазақстан Республикасы Президентінің "Байқоңыр" кешеніндегі арнаулы өкілі лауазымынан босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мемлекет басшысының өкімі бойынша, Серік Жүсіпұлы Сүлейменов Қазақстан Республикасы Президентінің "Байқоңыр" кешеніндегі арнаулы өкілі лауазымынан босатылды", - делінген хабарламада.

Серік Сүлейменов 2020 жылдың сәуірінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Байқоңыр" кешеніндегі арнаулы өкілі болып тағайындалған болатын.

Серік Сүлейменов 1966 жылы дүниеге келген. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін "Математика" және "Заң" мамандықтары бойынша бітірген. Түрлі жылдары Президент Әкімшілігінде, премьер-министрдің канцеляриясында қызмет еткен.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!



Join Telegram