31 қазан 2022 16:05

Сеулдегі қайғылы оқиға: ұстаздары қайтыс болған қазақстандық қыз туралы айтты

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сеулде Хэллоуин мерекесін тойлау кезінде қаза тапқан қазақстандық қыз Ақтөбе қаласындағы №27 мектепте оқығаны белгілі болды. Ұстаздарының айтуынша, ол ағылшын тілін жетік білген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Qazaqstan.tv арнасына сілтеме жасап.


Сеулде Хэллоуин мерекесін тойлау кезінде қаза тапқан қазақстандық қыз Ақтөбе қаласындағы №27 мектепте оқығаны белгілі болды. Ұстаздарының айтуынша, ол ағылшын тілін жетік білген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Qazaqstan.tv арнасына сілтеме жасап.

Қыз Оңтүстік Кореяға екінші жоғары білім алу үшін барған екен.

"Мәдина біздің үздік оқыған қыз. Ағылшын тілін тереңдетіп оқытатын сыныпта оқыды. Ағылшын тілін өте жоғары деңгейді білді. Оған өте ұнады. Енді өкінішке қарай осындай жағдай болғасын бітіре алмады. Отбасымен байланысты болдық. Хабарын біліп отырдық", - деді №27 орта мектеп директорының орынбасары Алтынгүл Аткиева.

Қыздың туыстары телеарна тілшілеріне марқұмның денесі 1 қарашада Қазақстанға жеткізілетінін айтқан. Қазіргі уақытта отандық дипломаттар құжаттарды дайындауға көмектесіп жатқаны атап өтілді.

Еске салайық, бұған дейін Сеулде Хэллоуинді тойлау кезінде 154 адам қайтыс болып, 82 адам жараланғаны хабарланған болатын. Сондай-ақ, СІМ өкілі Сеулде зардап шеккен қазақстандықтар туралы ақпарат жоғын мәлімдеген еді. Алайда кейінірек қаза болғандар арасында қазақстандық бар екені белгілі болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети